Мойынқұмда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы жиын өтті

Мойынқұмда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы жиын өтті

Аудандағы мектеп директорларымен, балабақша меңгерушілерімен, есепшілерімен және Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерімен өткен іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Отарбайқызы Отарбай, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Даурен Сарсенбайұлы Бурханов қатысып, медициналық сақтандыру мәселесі туралы және денсаулық  сақтау саласындағы шағымдардың алдын алу бойынша және  МӘМС жүйесіне енген өзгерістер мен жарнаға қатысты ақпараттық жұмыстарды жеткізіп, кепілдендірілген медициналық көмек жөнінде толық ақпарат беріп, бұл бағыттағы олардың түсінбеген сұрақтарына жауап берді.
Аудан тұрғындарының ішіндегі сақтандырылмағандарымен жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта бұл жұмыс бақылауда болып, медициналық сақтандырылмағандарды тіркеу туралы ауылдық әкімдерге тапсырмалар берілді.