«А» вирусты гепатиті туралы не білу қажет?

«А» вирусты гепатиті туралы не білу қажет?

 «А» вирусты гепатиті – бауырды зақымдайтын, сарғаю мен жалпы улану белгілерімен қатар жүретін, жедел басталатын жұқпалы ауру. «А» вирусты гепатитіне барлық жастағы адамдар сезімтал, әсіресе жастар арасында иммунитеті жоқ тұлғалар аталған жұқпадан сақталмаған.

Жұқпа көзі – науқас адам, өзінің зәрі мен бөлінділері арқылы қоршаған ортаға миллиартаған вирус бөледі.

Зақымдану вирус бөліктерінің лас қол, тағамдық заттар мен су арқылы асқазан-ішек жолдарына түсуінен басталады. Негізгі берілу жолдары:

  • Тағам арқылы – науқас адамның жеке бас гигшиена талаптарын сақтамай жасаған тағам өнімдері, дұрыс термиялық өңделмеген тағам, ластанған қолмен залалданған тағам арқылы жүзегу асады.
  • Тұрмыстық-жанасу арқылы – лас қол немесе қоршаған орта заттары арқылы жүзеге асады. Жұқпаның берілу факторлары болып есіктің ұстағыштары, санитарлық-техникалық құралдардың крандары мен ұстағыштары, баспалдақтың тіреулері болуы мүмкін.
  • Су арқылы – вирустармен залалданған суды ішу, тағам дайындау кезіңде пайдалану мен тағам өнімдерін жуу кезінде жүзеге асады.

Аурудың белгілері: вируспен залалдану мен ауру белгілерінің пайда болуы аралығы 4-50 күн аралығында, науқастың тәбеті бұзылып, оң жақ қабырға астында ауру сезімі, жүрек айну, құсу пайда болады. Көп жағдайда ауру тұмау тәрізді басталады: науқастың дене қызуы көтеріліп, мұрыннан су ағу, жөтел, денедегі ауру сезімі болады. Соңғы 7-10 күндері науқастардың зәрі мен бөлінділер арқылы вирустар сыртқы ортаға шығады, яғни науқас осы кезеңде қоршаған ортадағы тұлғалар үшін қауіпті болады.

 Алдын алу шаралары:

  • Белгісіз су көздерінен суды пайдаланбау, лас су қоймаларында шомылмау, сонымен бірге кәріз сулары келіп ағатын суларда, тығыз қоныстанған жаға жайларда шомылудан бас тарту;
  • Гигиеналық ережелерді міндетті түрде сақтау, дәретханадан кейін, сырттан кіргеннен кейін, тамақ ішер алдында қолды мұқият сабынмен жуу;
  • Өз үйіңізді, аулаңызды, пәтеріңізді таза ұстау;
  • Жеке бас гигиена заттары әр адамда жеке болу қажет, оларды бөтен адамға пайдалануға беруге болмайды;
  • Көкөністер, жеміс-жидектерді міндетті түрде қолданар алдында ағын суда мұқият жуу;

            Жалпы алдын алу шараларынан басқа «А» вирусты гепатитіне қарсы арнайы алдын алу шаралары да белгілі, ол – иммундау. Екі рет жасалатын екпе адамды қорғайды. Екпе жұмыстары Қазақстан Республикасының алдын алу екпелерінің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Қауіп-қатер тобындағы балаларды осы ауруға қарсы егу – өте маңызды іс.

 

Деніңіз сау болсын!