Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова Жуалы ауданының Нұрлыкент елді мекенінде болған жол көлік апатынан зардап шеккендерге барып, олардың жағдайын көрді.
Жалпы, Жуалы аудандық орталық ауруханасына 26 адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішіндегі: 4 науқас - жансақтау бөлімінде, 5 адам - хирургия бөлімшесінде, 18 пациент- сыну, көгеру, ұрылу секілді әртүрлі жарақаттармен амбулаторлық көмектер алған.
Барлығына тиісті алғашқы медициналық көмектер көрсетілуде.
Облыс орталығынан санавиация арқылы тиісті мамандар шақыртылды.
Жанар Мықтыбекқызы аудандық орталық аурухана бас дәрігері Батырбек Үсенбаевқа жансақтау бөліміндегі пациенттердің жағдайын жақсарту бойынша тиісті медициналық ұсынымдар беріп, облыстан мамандар шақырту және талдап-тексеру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Айта кету керек:
Қазіргі уақытта аудандық ауруханада 6 пациент тиісті медициналық көмектер алуда.