Облыстық денсаулық сақтау басқармасында репродуктивті денсаулықты қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері талқыланды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында репродуктивті денсаулықты қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері талқыланды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың тапсырмасымен ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелері бойынша жиын өтті.
Іс-шараға медициналық көмек және лицензиялауды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Лаура Отарбай, босандыру бөлімінің басшысы Айжан Терлікбаева, антенаталдық күтім жөніндегі үйлестіруші Сәуле Керимова, БЖДБ бойынша ұлттық жаттықтырушы-үйлестірушісі Арсен Коркмазов, Жамбыл облысының патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі бойынша бас үйлестірушісі Бағила Бегманова, штаттан тыс балалар гинекологы Ақмарал Байбатчаева және тиімді перинаталдық көмек үйлестірушісі Еңлік Әбдіхалық қатысты.
Онда ана мен баланы қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар, отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, кездесу барысында ана мен баланың денсаулығын сақтауға бағытталған ұзақ мерзімді іс-шаралар жоспары әзірленді.
Жиын соңында Жанар Мықтыбекқызы фертильді жастағы әйелдердің денсаулығын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды күшейтіп, контрацепция әдістері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аудандарға тұрақты түрде шығып тұру қажеттігі жөнінде тапсырма берді.