Психикалық денсаулықтың бұзылуы жөнінде

Психикалық денсаулықтың бұзылуы жөнінде
Жүйке жүйесі — адам организмнің ең маңызды бөлігі.
Бұл адамдарға өмірдегі стресстік жағдайларды жеңуге, өз әлеуетін жүзеге асыруға, оқуға және жұмыс істеуге, қоғамға үлес қосуға мүмкіндік беретін психикалық әл-ауқат жағдайы.
Жүйке жүйесінің бұзылуы—бұл психоәлеуметтік мүгедектіктің әртүрлі түрлерін, сондай-ақ елеулі күйзеліспен, функционалдық бұзылулармен немесе өзіне зиян келтіру қаупімен байланысты басқа да психикалық патологиялық жағдайларды қамтитын ұғым.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының ақпараты бойынша Жамбыл облысы бойынша психиатриялық есепте барлығы 9307 адам тұр, оның ішінде әйелдер – 3801, 14 жасқа дейінгі балалар – 1004 адам, сондай-ақ 383 жасөспірім. 100 мың тұрғынға шаққанда бастапқы сырқаттанушылық - 25,2, балалар – 32,5, жасөспірімдер – 11,4 құрайды.
6 ай ішінде диспансерлік бақылауда тұрған психикалық науқастардың нозологиялық құрылымы:
- органикалық психикалық, симптоматикалық бұзылулар -1458 немесе 15,7%;
- шизофрения, шизотиптік сандырақтық бұзылулар – 2763 немесе 29,7%;
- аффективті бұзылулар-132 немесе 1,4%;
- стресске байланысты невротикалық бұзылулар және соматоморфты бұзылулар-33 немесе 0,4%;
- физиологиялық бұзылулармен және физикалық факторлармен байланысты мінез-құлық синдромдары-4 немесе 0,04%;
– ересектердегі тұлғаның бұзылуы және мінез-құлық бұзылыстары-30 немесе 0,3%;
- ақыл-ой кемістігі-4439 немесе 47,7%;
- психологиялық дамудың бұзылуы-442 немесе 4,7%;
- оның ішінде балалар аутизмі - 306 немесе 3,3%;
- Атипті аутизм – 101 немесе 1,1%;
– Аспергер синдромы-3 немесе 0,03%.
Балалар мен жасөспірімдерде басталған мінез-құлық және эмоционалдық бұзылулар-6 немесе 0,06%.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тәулік бойы стационарда 1566 науқас емделіп шықса, оның ішінде аутизм спектрі бұзылған балалар саны – 82 болған.
Жалпы, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, аурудың алдын-алу мен емдеуге қатысты іс-шаралардың барлығы тиісінше орындалуда. Дегенмен, жауапкершілік - адамдардың өзінде де болғандықтан, сақтанған -сақ болатынын білген жөн.
Жүйке ауруларының алдын-алу жөнінде
Кез-келген ауру алдын-алу шараларын қажет ететіндей, психикалық бұзылулар да сақтануды керек етеді.
Адамның психикалық денсаулығын жақсарту үшін дененің әр түрлі соматикалық бұзылыстарын бақылап, түрлі жұқпалы аурулардан сақтанып, уақытылы ем-домдар жасап, тексерулерден өтіп тұру керек.
Түрлі жарақаттанудың алдын алып, жолда жүріс-тұрыс ережелерді сақтап, экстремалды спорт түрлерімен шұғылдану кезінде қорғаныс құралдарын дұрыс пайдаланып, денсаулыққа зиянын тигізетін әрекеттер мен тәуелділіктен де сақтанған абзал. (ішімдік ішу, нашақорлық).
Жақын адамдармен үнемі қарым-қатынаста болу керек. Тек осылай ғана бастапқы кезеңде ауытқулар мен бұзылуларды байқауға болады.
Жанжалды және стресстік жағдайлардан бойды неқұрлым аулақ ұстаған жөн.
Ең бастысы- салауатты өмір салтын сақтап, жаман әдеттерден бас тартып, жаңа қызығушылықтар қалыптастырып, ұйқы режимін дұрыстаған абзал.