Жамбыл өңіріндегі “Үздік тәжірибелер орталығының" жұмысымен танысу және тәжірибе алмасуға көршілес Қырғызстан мемлекетінен келген делегаттардың сапары Меркі, Жамбыл аудандарындағы “Үздік тәжірибелер орталығына" басталып, қалалық 5-емханасында аяқталды.
Еске сала кетейік, Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі GIZ неміс қоғамы және Қазақстан Республикасы «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығы ұйымдастырған
кеңеске медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығының президенті Рахыпбеков Төлебай , “Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығының басқарма төрайымы Роза Абзалова және Шолпан Асамбаева, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі GIZ неміс қоғамдастығының төрайымы, Қырғызстан мемлекеті Шу, Ош қалалары ауруханаларының бас дәрігерлері қатысты.
Тәжірибе алмасуға келген көрші мемлекет қонақтары Жамбыл облысындағы алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының жұмысымен жан-жақты танысып, тәжірибе алмасты.
Семинар қорытындысы бойынша Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы Қырғызстандық әріптестерге “Үздік тәжірибелер” жұмысы бойынша әдістемелік- менторлық көмек көрсетуге келісті.
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі