Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арналған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында ауыл медицинасын дамытуға, шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық жоба қолға алынатынын айтқан болатын.
Жамбыл облысында Тәуелсіздік күні мерекесіне “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында ауылдықтарға 12 жедел жәрдем көлігі берілді. Барлық тиісті қажеттіліктерімен жабдықталған жаңа «Hyundai H350» жедел медициналық жәрдем автокөліктерінің біреуі - қалаға, қалған 11-і - аудандық орталық ауруханаларға жіберілді. Көліктер кілтін табыстаған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров жедел жәрдем өз кезегінде қай уақытта болсын, халыққа қолжетімді, тиісті деңгейде қызмет көрсетуі тиіс екендігін айтты.
Еске сала кетейік: Мемлекет басшысының "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатымен келесі жылдан бастап "Ауылдық жердегі денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы іске асырылады.
Жобаның мақсаты - ауылдарда медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін инфрақұрылымды кешенді түрде жаңғырту.
Бұл - ауылдық елді мекендердегі денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін қолайлы жоба болмақ.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі