Ана мен бала денсаулығы медицина саласының ең өзекті әрі көкейкесті мәселесі екені анық. Ұлт байлығы десе де артық емес. Халқымыздың баянды болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі жарқын күні бұл ана мен бала денсаулығының қандай болмағына тікелей байланысты.
Ана денсаулығы деп жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезіндегі әйелдер денсаулығын айтамыз.
Қазіргі таңда, перзентхананың барлық бөлмелеріне беделер орнатылып, әйелдерге гигиеналық жағдайлар жасалынған. Сонымен қатар, туылған нәрестелерге қосымша арнайы кереуеттер бөлінген. Босану залдарында табиғи жолмен босануға жағдай жасалынып, жүкті әйелдер үй жағдайындағыдай әртүрлі қимылда болады (отырып, жатып, арқан көмегімен тағандап тұрып және т.б), еркін босануға мүмкіндік алады.
Жаңа туылған нәрестелер денсаулығы- олардың өмір сүруіндегі алғашқы айдағы денсаулығы.
Босанғаннан кейін ананың балаға деген мейіріміне ықпал ету мақсатында нәрестені көкірегіне жатқызады. «Перзентханада атқарылып жатқан іс-шаралардың қатарына босану серіктестігі модулі енгізілген, яғни босанатын әйелге үйіндегі жақындарының біреуі келіп демеу болады. Осы арада атап айтарлығы – мұнда әрбір босанатын әйелге жеке бөлме бөлінген.
Орталықта «қауіпсіз ана болу», «жаңа туған балалар реанимациясы», «шала туған балаларды күту», «акушерлік қан кетулер кезінде шұғыл көмек», «жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңдегі преэклампсия және эклампсия» сияқты бөлімдер аналарға қалтқысыз қызмет көрсетеді. Скринингтік ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері ұрпақтың құрсақішілік кідіруін бағалау және хромосомда патология маркерлерін анықтау үшін өңірлік нормативтер бекітілген.
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйекте үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы өзекті мәселені көтерді. Ол еліміздегі ана өлімінің көрсеткіші мен нәресте өлімі туралы бірнеше дерек келтірді.
Соңғы 6 айда ана өлім-жітімінің көрсеткішін 2,4 есеге төмендетуге қол жеткізілді. Дегенмен, ана өлімі көрсеткіші төмендегенімен, сәби өлімі көрсеткіші әлі де төмендемей отырғанына назар аударды.
Министр баяндамасында салмағы 1000 граммға жетпейтін, шала туған сәбилер жиі шетінейтінін айтады. Жалпы сәби өлімі ішінде олардың үлесі 33 пайыз. Сол себептен жүктілік кезіндегі асқынуларды болдырмау, мерзімінен ерте босандыру салдарын болдырмауға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жамбыл облысы бойынша 2022 жылдың 9 айында 18969 босану қабылданды, тірі туылған нәрестелер саны 19005 болды.
- мерзімінен бұрын босанулар саны біртіндеп азаюда – 2022 жылдың 9 айында - 1127 жж. 2021 жылдың 9 айында-1380 болған
Қазақстанда алғаш рет Жамбыл облысында болашақ аналарды, ауыл тұрғындарын ультрадыбыстық зерттеу әдістемесін интеграциясы енгізілді, алынған мәліметтерді нақты уақыт режимінде бірыңғай ақпараттық желіге біріктіріп, олар перинаталдық орталықтың медициналық-генетикалық консультацияға жіберіледі - Жамбыл облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығы пилоттық жобаға айналды
2022 жылдың 19-20 мамырында «Ана мен бала» V Халықаралық ғылыми-білім беру форумы өтті. Сонда «Жас ғалымдар» бөлімінде Жамбыл облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығы неонатолог дәрігері бірінші орынға ие болды .
Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті аясында Жамбыл облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығы «Үздік босану ұйымы» номинациясы бойынша «Altyn Shipager» жүлдесінің финалисті атанды.
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының жетістіктері:
1 .антенаталдық гормондық дайындық пайызы 80% құрады.
Неонаталдық қызметтің негізгі жетістігі – жаңа туған нәрестелер өлімінің динамикалық, жүйелі түрде төмендеуі.
Жетібаев Кайрат – Облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері