Синдактилия ауруы жайлы естуіңіз бар ма?

Синдактилия ауруы жайлы естуіңіз бар ма?

Синдактилия –  гендік тұқым қуалайтын ауру түрі. Яғни, эмбриональді даму процесінде олардың бөлінбеуі нәтижесінде қолдың, аяқтың саусақтарының толық қосылып немесе қосылмай тұруы. Негізінде бұл ауру ерлер мен әйелдерде бірдей кездеседі.

Бұл аурумен ауыратын балада ауру белгілері тайға таңба басқандай анық байқалады. Мысалы, баланың қолының ортаңғы және сақина саусақтары бірігеді. Ал аяқтарында 2-ші және 3-ші саусақтары жабысып тұрады. Сирек жағдайларда сақиналы саусақ пен кішкентай саусақ, бас бармақ пен сұқ саусақ  бөлінбей тұрады. Екі жақты синдактилияда саусақтардың бірігуі әдетте симметриялы болады.

Синдактилия диагнозын визуалды тексеру кезінде анықтауға болатынына қарамастан, ақаулардың формасын нақтылау және емдеу тактикасын дамыту үшін аспаптық зерттеулер жүргізу қажет. Екі проекцияда қолдар мен аяқтардың рентгенографиясы — буындардың күйін, сүйек тығыздығын бағалауға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысының  облыстық көпсалалы балалар ауруханасында осы аурумен ауыратын науқасқа күрделі ота жасалынған еді. «BI-Жұлдызай» қорының қолдауымен, жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасып, түрлі кеңестермен бөлісуге, травмотолог-ортопед, балалар хирургі, медицина ғылымдарының хирургі, медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Анатольевич Кольцов және Санкт-Петербург медициналық-әлеуметтік сараптама, протездеу және мүгедектерді оңалту ғылыми-практикалық орталығының бірінші балалар ортопедиясы бөлімінің меңгерушісі Г.А.Альбрехт келіп, ортопедия және травматология бөлімшелерінің дәрігерлерінің қатысуымен кішкентай баланың саусақтарына ота жасаған еді. Операция сәтті аяқталып, пациенттің біріккен саусақтары ашылып, ата-анасы дәрігерлерге ерекше ризашылығын білдірді.

«Он екі мүшең сау болса, қара басың ханмен тең» демекші, ең бастысы денің сау болып, аяқ-қолың қимылдап, жақсы жұмыс жасап тұрса, ең бай адамсың.  Басты байлық – денсаулық екенін естен шығармайық.

 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі