
Ақпараттың атауы сізге таңсық болып, қандай ауру түрі екені қызықтырса, ақпаратты аяғына дейін оқуға кеңес беремін.
Ғылыми атауы – арахнодактилия. Бұл қол саусақтарының туа біткен деформациясы. Алғашқы сипаттамасы сонау 1876 жылдан бастау алған. Ең бірінші зерттеген ғалымдардың айтуынша, бұл індет туқым қуалайтын аурулардың қатарына жатады. Бастапқы да «Марфан синдромы» деп аталған.
Ауру белгілеріне тоқталсақ: қолдың өлшемі мен пішіні басқа адамдермен салыстырғанда өзгеше болады. Нақтырақ айтқанда, саусақтары алақанымен пропорционалды түрде байланыспай, шамадан тыс ұзын, болмаса, иілген болады. Сондай-ақ, саусақтары тым арық болады.
Негізінде бұл ауруға «медициналық сараптаманы» сүйек-бұлшықет жүйесінің жай-күйін бағалау ортопедті жүргізеді, болмаса, невропатолог, кардиолог, офтальмолог дәрігерлерінен кеңес алуға болады.
Егер де, науқаста арахнодактилия ауруы анықталса, диспансерлік бақылауда болады. Сондай-ақ, түрлі массаж жасалып, санаторий-курорттық емделуге жіберіледі. Себебі, ем-дом кеш жүргізілетін болса, тірек-қимыл жүйесі мен көз аурулары пайда болады. Сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесіне де әсер беруі мүмкін. Сол үшін де терапияны уақытында бастау – басқа аурулардың алдын алып, науқастың өмір сүру ұзақтығын арттыруға және сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Адам еркін қимылдап, әрекет етуі үшін қол-аяқтың сау болуы маңызды. Алайда, ауру айтып келмейді демекші, дерт алдында қашанда дәрменсіз екеніміз ақиқат. Бірақ дер кезінде жасалған әрекет аурудың алдын алатынын естен шығармаңыз.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз қызметі