
Ларингит - адамның тамағы қатты суықтаған кезде пайда болатын ауру. Бұл кезде адамның тамағы қырылдап, даусы шықпай қалады. Мұрынның ішкі жағы ашып ауырады және басты да мең-зең етіп жібереді. Құлақ шыңылдап, ыстық көтерілуі де мүмкін. Мұндайда бас айналып, тамаққа деген тәбет болмайды. Ал ауыздан ыстық леп білінеді. Ларингит балаларда өте ауыр жағдайда өтуі мүмкін. Дұрыс күтінбеген жағдайда ол созылмалы түрге ұласып кетеді. Сондықтан, күн салқындағаннан дұрыс тамақтанып, газды және мұздай сусындардан аулақ болған дұрыс. Ал одан емделу үшін майлы хлорофиллипттің екі тамшысын күніне 3 рет мұрынға тамызып отыру керек.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз қызметі