Жүйке жұқаруы

Жүйке жұқаруы

       Күзде күн ұзақтығының қысқаруы, ауаның салқындауы мен күн сәулесіндегі ультрофиолеттің азаюы адам ағзасына тікелей әсер етеді. Бұл кезде адамның көңіл күйі болмай, тез ашуланғыш болып келеді. Нақ осы мезгілде адамдардың есінен ауысуы көбірек кездеседі екен. Сондай-ақ жүйкесі сыр бергендердің осы кезде мазасы кете бастайды. Тіпті криминалистер түннің ұзарып, күннің қысқарған кезінде жол апаты мен біреуге зақым келтіру, жарақаттау сынды оқиғалардың көп болатынын анықтаған. Ал психологтар «мұның бәрі адам психологиясының әлсіздігін көрсетеді» дейді. Егер шыдамсыз, себепсіз-ақ тез ашуланшақ болып бара жатқаныңызды байқасаңыз дереу дәрігерге көрініп, жүйкені тыныштандыратын тұнба қабылдаған дұрыс. Мүмкіндігінше тек жақсы нәрселер ойлап, көңіл-күйіңізді бақылап отырыңыз. Мұның бәрі де жүйкенің сыр бермеуіне керек көмек. Айналадағы адамдарға жақсы көзқараспен қараған абзал. Ұрыс-керістен аулақ жүргейсіз.

 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі