Жамбыл көпбейінді облыстық ауруханасында өкпе артериясы тромбоэмболиясының алдын алу үшін оң жақтағы мықын тамырын пликациялауға арналған күрделі операция өткізілді

Жамбыл көпбейінді облыстық ауруханасында өкпе артериясы тромбоэмболиясының алдын алу үшін оң жақтағы мықын тамырын пликациялауға арналған күрделі операция өткізілді

Жамбыл көпбейінді облыстық ауруханасында өкпе артериясы тромбоэмболиясының алдын алу үшін оң жақтағы мықын тамырын пликациялауға арналған күрделі операция өткізілді.

Өкпе эмболиясының салдарынан болатын ауру түрін дер кезінде алдын алмаса, өлімге апаруы мүмкін. Тромбтың флотациялық басының деңгейінен жоғары пликацияны эндоваскулярлық емдеу әдістерін (Кава-сүзгіні имплантациялау, эндоваскулярлық катетерлік тромбэктомия) пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда міндетті түрде ота жасалады . Тамыр саңылауын қалпына келтіру - хирургиялық араласусыз,  қауіпсіз уақытта дербес жүреді. Тамыр пликациясын бір мезгілде орындау негізгі хирургиялық араласудың операциядан кейінгі кезеңін қиындатпайды.

75 жастағы Т есімді науқас оң жақ төменгі аяғындағы ауырсыну, ісіну маза бермей қойған соң, Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына ауыр халде қабылдау бөліміне түседі. Мұқият тексеруден кейін хирургтар «оң жақ аяқтың терең тамыр тромбозы» және «оң жақтағы илиумдағы флотациялық қан ұйығы» деген диагноз қойған. Содан кейін, 28.07.2022 ж. науқасқа хирургия бөлімінің меңгерушісі Ким Виктор және ординатор Ұлтарақов Арманалидің қатысуымен ота жасалды. Ота сәтті аяқталып, бүгінгі күні науқас үйіне шығарылды.