Семіздік аурудың бір түрі екенін білесіз бе?

Семіздік аурудың бір түрі екенін білесіз бе?

Семіздік — ағзада майдың мөлшерден тыс жиналуы. Дене белсенділігінің болмауы, эндокриндік аурулар, генетикалық сезімталдық, артық мөлшерде тамақтану —денеге артық салмақ жинап, ауруға шалдықтырады.  Сондай-ақ,  қант диабеті, жүрек-қан тамыр ауруы  және оба ауруына шалдығу қаупі жоғарылайды. Аурудың алдын алу үшін, майлы тамақтардардан бас тартып, көкөніс пен жемістерді көбірек жеп, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Егер осы айтылған кеңестерді жасай отырып, салмағыңыз түспесе, міндетті түрде дәрігерге жүгініңіз. Себебі, семіздік белгісі – «іш құрылысы»  ауруының салдарынан да болуы мүмкін.

Салмақ тастауда денсаулығын құртып алатындар да бар. Көбіне ондай жағдайлар диета ұстаған кезде байқалады. Бірде-бір дәрігер өте аз уақыт ішінде салмақ тастауға көмектесетін диетаны құптамайды. Семіздіктен бірден арылу мүмкін емес. Ол үшін біршама уақыт керек.

Негізінде, семіздік ауруының гиперциллюларлы және гипертрофиялық деген екі типі бар. Бірінші типте, семіздікте май жасушасының саны артып, өлшемі өзгеріп отырады. Екінші типте, адипоциенттердің саны қалыпты болып, өлшемі үлкен болады. Яғни, семіздігі бар адамдарда жасушаның ғана өлшемі артпай, саны да жоғарылайды.

Семіздіктен арылуды бүгіннен бастаңыз. Дене бітіміңіздің сымбатты әрі көрікті болуы — өз қолыңызда!

 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі