Баланың тамақтануындағы минералдардың рөлі

Баланың тамақтануындағы минералдардың рөлі

Ата-аналар,  сіздер үшін!

   Минералды заттар - баланың денесіндегі барлық жасушалары мен тіндерінің құрамында болады. Сондай-ақ, сүйек, бұлшықет жүйке жүйелерінің дұрыс өсуі мен дамуы үшін метаболизм процестеріне қатысады.

    Адам өміріне қажетті үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қастамасыз ету үшін химиялық элементердің берер пайдасы жетерлік. Мысалға: макроэлементтер (кальций, фосфор, калий, натрий, магний), микроэлементтер (темір, мыс, йод және т.б.) айта аламыз.

   Кальций: сүйек тіндері мен тістердің пайда болуына, жасуша мембраналарының құрамына, жүйке және бұлшықет жүйелерінің қызметіне, қанның ұю процестеріне қатысады. Кальцийдің ең жақсы көзі - сүт және сүт өнімдері болып табылады.

  Фосфор - сүйек тінінің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажет. Ол бұлшықет пен ми тінінде кездесіп, ақуыз мен май алмасу процесіне қатысады. Оған жұмыртқаның сарысы, ет, бауыр, балық, ірімшік, сұлы және қарақұмық, бұршақ дақылдары кіреді. Фосфор - кальций алмасуы бұзылған жағдайда - рахитке, тіс кариесіне, сүйек сынғыштығының жоғарылауына және орталық жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соқтырады.

  Темір - оттегі жасушалары мен тіндердің берілуіне ықпал етіп, гемопоэз процестерінде маңызды рөл атқарады және гемоглобиннің ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар тотығу процестеріне қатысады.   

   Темір жануарлардан алынатын өнімдерден және тағамның ілеспе компоненттерінен ағзаға  жақсы сіңеді. Аскорбин қышқылы, ақуыздар, кейбір аминқышқылдары және  жануарлар мен өсімдік өнімдерінің үйлесуі  оның сіңуін арттырады. Көбіне бауыр, ет, балық, (сұлы, арпа, қарақұмық), жасыл пияз, ақжелкен, салат және жемістерде кездеседі.

   Магний: сүйек тінін қалыптастыру үшін метаболизмге қатысады.  Сонымен қатар ферменттердің белсенділігіне, жүрек жұмысына оң әсерін тигізеді. Магний жетіспеушілігі байқалған жағдайда, иммунитет төмендеп, теріде жаралар  пайда бола бастайды. Магний тұздарына -  дәнді дақылдар (бидай,қара бидай, қарақұмық, тары, арпа, сұлы) жатады.

   Бала дұрыс дамуы үшін «калий», «натрий»  элементтері қажет. Калийге картоп, қырыққабат, сәбіз, көк бұршақ дақылдары, мейіз, қара өрік жатады. Ал, натрий баланың денесіне ас тұзы арқылы енеді.  Олар ішінара жануарлардан алынатын өнімдерде кездеседі.

  Балаға дененің тіршілігі үшін микроэлементтер де қажет: мыс, кобальт, мырыш, йод, фтор, марганец және т.б. Олардың жетіспеушілігі дене бұзылуларына  әкеліп соқтырады. Сонымен қатар кобальт, мыс, марганецтің жетіспеушілігі анемияны (анемия), фтор - тіс кариесін, йод-қалқанша безінің дисфункциясын, мырыш - өсудің бұзылуын тудырады.

     Баланың ағзасында судың алар рөлі өте жоғары. Ол барлық метаболикалық процестерге қатысып, метаболизм өнімдерін жасушалардан шығарады. Ондағы еритін минералдармен бірге дененің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Балаларыңыздың дені сау болсын!     

 

Жамбыл облысы денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі