Қант диабеті

Қант диабеті

    Диабет — қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінің салдарынан пайда болатын ауру түрі. Аурудың ең басты себептерінің  бірі — тамақтану тәртібінің  өзгеруі. Нақтырақ айтқанда, қантқа тез айналатын көміртегі бар тағамдарды пайдалану, мөлшерден тыс артық тамақтанып, спортпен айналыспау. Сырқатқа шалдығудың тағы бір себебі - тұқым қуалаушылық. Соның салдарынан қант диабеті балалар арасында да белең алуда. Яғни, бұл ауру жас талғамайды. Негізінде қант диабетіні ауруының  екі түрі бар. Олар: инсулинге тәуелді және тәуелді емес. Балаларда көбінесе екінші түрі кездеседі. Сонымен қатар, бұл кесел 5-13 жас аралығындағы балаларда жиі байқалады. 

    Қант диабетінің кең таралуына ұйқы безінің қабынуы,зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді.  Бұл аурумен ауыратын науқастардың  кейбірінің терісі құрғап, тәбеті болмай, салмақ жоғалтады және басы ауырып, қан қысымы төмендейді. Сонымен қатар, неврологиялық бұзылулар және гипофиздің жетіспеушілігінің белгілері дамиды.Қант диабетінің алдын алу үшін:

-күндізгі ұйқы режимін сақтау, міндетті түрде толық түнгі ұйқы;

-дұрыс тамақтануды ұйымдастыру, тамақтану күніне кемінде 3 рет;

- тәтті тоқаштарды және газдалған сусындарды шектеу;

-иммунитетті арттыру;

-стресті болдырмау (баланы отбасындағы жанжалдардан және оны қатты алаңдатуы мүмкін жағдайлардан қорғау).

Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда! Денсаулықты жоғалту оңай, ал оны қалпына келтіру өте қиын. Сондықтан да, салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығымыз үшін барынша күтінген абзал. 

 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі