Жұқпалы аурулардың пайда болуы

Жұқпалы аурулардың пайда болуы

Жұқпалы аурулар — ауруды тудыратын микроорганизмдердің кесірінен пайда болатын және жұқтырған адамнан сау адамға берілетін ауру түрі. Біздің ағзамыздың кез келген мүшесі инфекцияға сезімтал болып келетіндіктен, әрбір адам кемінде жылына бір ретте  осы аурумен ауырады екен. Сондықтан да ол басқаларға қарағанда, ең көп кездесетін ауру түрі болып саналады. 

Оның пайда болуының 3 негізгі себебі бар. Олар: ауру қоздырғышы (микроб), сыртқы орта әсері және қабылдаушы ішкі ағза.

Егер науқастан маза кетсе, дене қызуы көтерілсе, басы ауырып, ұйқысы қашса, оның  жұқпалы ауру екенін аңғаруға болады. Аурудың алдын алу үшін, ең бірінші, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Себебі, ауруға қарсы бейімділігі төмен болып, тезірек жазылуына мүмкіндік туады. Сонымен қатар жеке гигиена ұстану қажет. Сырттан келген жағдайда, болмаса, тамақтанудың алдында міндетті түрде қолды жуу керек. Егер де, ауамен тасымалданатын инфекция түрі болатын болса, маска киіп, адамдар көп жиналатын жерлерден алшақ болу тиіс.

«Денсаулық – байлықтан қымбат» демекші, денсаулықты күту- адамның өз қолында. Деніміз сау болсын десек, салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығымызға аса мән берейік.    

 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі