Жаяу жүрудің денсаулыққа пайдасы

Жаяу жүрудің денсаулыққа пайдасы

Аурудың алдын алыңыз…

Жаяу жүру - жүрек және қан тамырлары ауруларының алдын алудың ең оңай және қолжетімді әдісі, жасына және дене шынықтыру деңгейіне қарамастан, халықтың барлық топтары үшін сауықтырудың ең оңтайлы әдісі, тіпті ең көп жұмыс істейтін адамның кестесіне оңай сәйкес келеді. Сізге  тек ыңғайлы аяқ киім және жақсы көңіл-күй жеткілікті.
Әлем ғалымдарының зерттеулеріне сүйенсек, жаяу серуендеу - өмірді ұзартады және жүректің төзімділігі үшін мінсіз және қарапайым жаттығу түрі болып табылады. Орташа алғанда, адам күніне 10-11 км жүруі керек: бұл таңертеңгі серуен немесе кешкі серуен. Жүру кезінде сіз қан айналымын жақсарта аласыз, бұл - ағзадағы зат алмасуды жақсартуға көмектеседі. Ал жүрек тіндері - қоректік заттар оттегімен бірге келетін жалғыз тамақтану болып саналады. Күнделікті жаяу жүруді бірнеше кезеңге бөлуге болады.
         Жаяу жүрудің ағзаға әсері:
* Жүрек-қан тамырларын және тыныс алу жүйелерін қалыпқа келтіреді;
* Ішек жұмысын жақсартады;
* Ұйқы кезінде ағзадағы зат алмасу реттеледі;
* Қандағы жаман холестерин азаяды;
* Қан қысымы қалыпқа келеді;
* Токсиндерді жоюға көмектеседі;
* Көру қабілетіне жақсы әсер етеді;
* Варикозды веналардың алдын алу;
Остеопороздың, артриттің дамуына жол бермей, тірек-қимыл жүйесін нығайтады;
* Психикаға пайдалы әсер етеді;
* Қартаю процесі айтарлықтай баяулайды;
* Ерлердегі простатит және басқа аурулардың пайда болу қаупін болдырмай, жамбас аймағындағы тоқырау процестерінің алдын алады;
Жұмыс кезінде ұзақ отырып қалған жағдайда, күндізгі серуен мен жаттығу жасаған абзал.
Ол үшін:
-бір жерде көп отырмай, ең болмағанда кабинеттің айналасында жүріп өтіңіз;
- күн сайын кем дегенде бір аялдамадан ертерек түсіп жаяу  журу, лифтсіз екі қабатқа көтерілу және күні бойы кішкене серуендеу ережесін ұстаныңыз.
Күнделікті жаяу жүру жылдамдығы 6-7 км/сағ болуы керек екендігі дәлелденген.  Жаяу серуендеу кем дегенде 30-40 минутқа созылуы керек.
Өз денсаулығыңызды нығайтыңыз!

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі