Балаларды дұрыс тамақтандыру - олардың денсаулығының негізі

Балаларды дұрыс тамақтандыру - олардың денсаулығының негізі

Нәресте өмірінің басталуы – өте маңызды кезең. Осы орайда, денсаулықтың негізін нәресте тағамын таңдаудан бастау керек. Әрине, отбасының жаңа мүшесінің пайда болуы үйдегі үйреншікті тіршілікті айтарлықтай өзгертеді. Бұл кезеңде эмоциялар мен сезімдер басым болады. Әсіресе, егер жас ата-ана болса және бұл - олардың тұңғышы болса. Бірақ, соған қарамастан, баланың денсаулығына әсер ететін барлық нәрсені өте байыпты қабылдай білу қажет.

Ана сүті және баланың дамуы

Кішкентай адам ересек адамнан біршама ерекшеленеді. Бұл тек дене мөлшеріне ғана қатысты емес. Жаңа туылған  нәрестенің, әдетте, табиғи тағамы - ана сүті болады. Онда оған қажетті барлық дәрумендер бар. Мамандардың пікірінше, баланы 2-3 жасқа дейін емізу дұрыс болып саналады. Өйткені ол:

- баланың иммундық жүйесінің қалыптастырылуына,

- интеллект деңгейіне,

- ана денсаулығына тікелей әсер етеді.

Ана сүтімен тамақтандыру - балаға қосымша тағамдарды беруге болмайды деген сөз емес. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, ана сүтін ембеген немесе оны аз уақыт емген балалар өз дамуында артта қалады.

Қосымша тамақтандыру

6 айдан бастап баланың тамағына қосымша тағамдарды енгізу керек. Қосымша тамақ дегеніміз не? Қосымша тамақ – бұл 6 айдан бастап енгізілетін емшек сүтімен қосымша тамақтану.

​Қосымша тамақ құрамында баланың денесінің толық дамуы үшін барлық қажетті қоректік заттар болуы керек және оны дұрыс дайындау керек.

​Қосымша тағамдарды дұрыс дайындау үшін 6 негізгі ережені есте сақтау керек:

1. Уақыты – қосымша тамақтандыру 6 айдан ерте емес және кешіктірілмей енгізілуі тиіс. Ол - анадағы лактацияның төмендеуіне әкеледі, ал қосымша тамақты кеш енгізу - баланың жиі сырқаттануына, ағзадағы темір, йод, А дәрумені және т. б. төмендеуіне әкелуі мүмкін.

2. ​Қосымша тамақтану жиілігі жеткілікті тамақтану жиілігімен қамтамасыз етілуі керек. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес тамақты қабылдаудың келесі жолдары қолданылады:

Жасы

Тамақтандыру жиілігі

6 айға дейін

Тек қана ана сүтімен  емізу, күніне кемінде 8 рет

6 – 12 айда

Ана сүтімен емізу + 3 қосымша тамақ

(егер жасанды тамақтандыруда 5 әдіс болса)

12 айдан – 2 жасқа дейін

Ана сүтімен емізу + 3 қосымша тамақ + 2 қоректік тағамдар

2 жастан жоғары

3       негізгі тамақ + 2 қоректік тағамдар

  1. Көлемі - қабылданған тағамның көлемін сақтау

Жасы

Көлемі

6 – 7 ай

150 мл (10 ас қасық)

8 – 10 ай

180 мл (12 ас қасық)

11 – 12 ай

225 мл (1 толық стакан)

12 ай – 2  жас

300 мл (1,5 стакан)

2 жастан жоғары

350  (2 толық стакан)

  1. Тағамдық құндылығы – бала тағамының көлемі мен көптігі жеткілікті мөлшерде болуы тиіс емес, сонымен қатар қосымша тамақтану ақыл-ой мен физикалық даму үшін жеткілікті қоректік заттарды қамтуы керек.

Қосымша тамақ әртүрлі компоненттерден тұруы қажет, бұл - ең алдымен, күнделікті диетаның негізін құрайтын жарма, түрлі көкөністер мен жемістер. Олардың жергілікті өндірістен болғаны жөн. Қою жасыл және сары, қызғылт сары көкөністер мен жемістерде (асқабақ, сәбіз, май, сарысы, ақжелкен, аскөк және т.б.) А дәрумені көп, ол дененің әртүрлі инфекцияларға төзімділігін арттырады, сүйектерді, шашты, тістерді нығайтады. Сондай-ақ, қосымша тамақ құрамында бұршақ дақылдары болуы тиіс (бұршақ, маш, жасымық) - тағамдық құндылығы бойынша, яғни, ақуыз мөлшері бойынша олар етке тең. Жаңғақтарды  7 айдан бастап, тек ұсақталған түрінде беру ұсынылады.

5.​ Калория мөлшері – қосымша тамақ баланың дұрыс өсіп-жетілуі үшін ол жеткілікті қуатпен қамтамасыз етуі керек. Калорияға жетудің 2 жолы бар. Біріншіден, қосымша тамақ қою болуғаны жөн. (қасық баяу бататындай). Екінші әдіс – тамаққа өсімдік майын немесе қаймақ қосу.

  1. Қауіпсіздік – қосымша тағамдарды дайындау кезінде тазалыққа, яғни таза қолдарға, ыдыс-аяқтарға, өнімдерге баса назар аударылады.

Баланың жаңа тағамға тез бейімделуі үшін 1 шай қасық көлемінде бір компонентті қосымша тамақ беруді бастау керек. Дәнді дақылдардан күріш пен қарақұмық ұсынылады, өйткені олардың құрамында глютен жоқ. Қосымша тағамдарды енгізудің әрбір келесі күні 1 шай қасық қосылады, осылайша 7 айға дейін қажетті көлем біртіндеп қалыптастырылады. Бала 1 шай қасық бір компонентті қосымша тамақты жей бастағаннан кейін екінші компонентті қосуға болады.

​Қосымша тағамдардың консистенциясын сақтау маңызды, сондықтан 6 айда қосымша тамақ езбе түрінде беріледі. 7-8 айда-ұсақ дәндер, 8-9 айда – үлкен дәндер, ал 9 айдан асқан тағамдарды майдалап турауға болады. Кішкентай жастағы балаға үлкен дәндер берсе, оны құсып тастауы мүмкін. 6-7 ай жасында баланы белгілі бір талғамға үйрету үшін өнімнің барлық түрлерін мүмкіндігінше беріп көру керек.

​3 жасқа дейін баланың тамағына тұз бен қант қосу ұсынылмайды.

Осылайша, тиімді тамақтану - баланың қалыпты дамуын анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Бұл оның өмірлік белсенділігіне, өсуіне, денсаулық жағдайына тікелей әсер етеді. Өсіп келе жатқан ағзаның физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келетін дұрыс теңдестірілген тамақтану оның әртүрлі қолайсыз факторларға төзімділігін арттырады. Әсіресе, ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларда тиімді тамақтану қағидаттарын сақтау маңызды.

 

Әсет Қалиев

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық

сақтау басқармасының басшысы