Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда

Жамбыл облысына 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Спутник V вакцинасының 1-ші компонентінің – 146650,  2-ші компонентінің – 89700 дозасы, отандық 4000 доза  QazCovid-in (2000 адамға) және 60 000 доза (30 000 адамға) Hayat-Vax, 34 000 доза (17 мың адамға) Коронавак  вакциналары  жеткізілді

16.06.2021 жылы барлығы – 6580 екпе жасалды.

2021 жылғы 16 маусымдағы жағдай бойынша барлығы – 137635  адам вакцинацияланды,  оның ішінде 14829 - медицина қызметкерлері (10,8%), 22969 – білім беру ұйымдарының қызметкерлері (16,7%),  3034 – мемлекеттік қызметкерлер (2,2%), 2554 – студенттер (1,8%), 510 - әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,4 %), 5375 – созылмалы аурулары бар тұлғалар (4%) және 71248 - басқалары (51,8%).

Екпе алған 137635 адамның, 71046-ы вакцинаның  екінші компонентін  алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Коронавирусқа қарсы иммундау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасуда.