Қазақстанда вакцина салдырған адамдар саны екі жарым миллионнан асты

Қазақстанда вакцина салдырған адамдар саны екі жарым миллионнан асты

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша  Қазақстанда вакцина салдырған адамдар саны екі жарым миллионнан асты. Жамбыл облысында екпенің 1 компонентін - 134 182, екінші компонентін - 67 919 адам алған.

Бүгін №5 қалалық емханасының жылжымалы бригадасы №32 орта мектептің шақыртуы бойынша барып, мұғалімдер мен басқа жұмысшылар арасында   коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның маңыздылығы мен қажеттілігі туралы ақпарат беріп, ниет білдірген 46 адамға екпе жұмыстарын жүргізді. Көшпелі егу бригадалары тоңазытқыш қондырғысы орнатылған рефрижераторлық үлгідегі термоконтейнерлерді пайдалануда. Вакцинаны тасымалдау «суық тізбекті» сақтай отырып жүзеге асырылуда. Мобильді егу бригаданың құрамында  терапевт дәрігер мен егу медбикесі бар.  Вакцина салар  алдында әр қызметкердің  қан қысымы мен жүрек соғысы тексерілді. Екпе салынған соң пациент 30 минутқа дәрігердің  қарауына жіберілді.   Бұл қызметкерлердің жұмысына кедергі жасамай ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін маңызды.

Елдегі ересек халықтың кем дегенде 60 процентіне вакцина салынған кезде ұжымдық иммунитетке қол жеткізіледі. Бұл карантидік шектеу шараларының барлығын алып тастауға мүмкіндік береді.  Жыл соңына дейін облыста 582 мыңнан астам тұрғынға екпе салу жоспарланған.

 

Денсаулық сақтау басқармасының

баспасөз қызметі