«Денсаулық» саябағының құрылысы аяқталуға жақын

«Денсаулық» саябағының құрылысы аяқталуға жақын

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс орталығында «Таразға тарту» жобасы аясында Тараз қаласының Қарасу алқабындағы «Денсаулық» мәдениет және демалыс саябағының құрылысы аяқталуға жақын қалды.

Медициналық қызметкерлердің демеушілік көмегі мен бір күндік еңбекақысын аударуының арқасында құрылған саябақ 5 га аумақты алатын каналдың жағалау аймағында орналасқан. Демалыс орнында 1000-нан астам көшет, раушан гүлдер отырғызылды, субұрқақтар орнатылды, кішкентай сәулетті мүсіндермен безендендірілді.

Онда қала тұрғындарының жайлы демалуына және белсенді спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған: теннис және футбол алаңдары, воркаут, балалар алаңы, демалыс аймақтары. Таза ауада, ағаштар аясында  демалу, сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтап, спортпен айналысу, жаяу жүру, далада тыныс жаттығуларын жасау – бұл тұрғындардың басты ұстанымына айналу қажет. Бүгінгідей пандемия кезінде бұл - аса маңызды.

 2021 жылдың 12 маусымы күні  онда шағын футбол алаңының ашылу рәсімі болады. Осы күні облыстың медицина қызметкерлері арасында шағын футболдан чемпионат та өтеді. Жарыс медицина қызметкерлерін, сондай-ақ коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандарды еске алу мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

 

Денсаулық сақтау басқармасының

баспасөз қызметі