Екпенің 2-ші кезеңі

Екпенің 2-ші кезеңі

Бүгін  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев коронавирус инфекциясына қарсы  "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін салдырды.   Облыстың бас дәрігері екпеден соң өзін жақсы сезінентінін және вакцинаның  кері әсерлерін байқамағанын айтты. «Баршаңызды коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыруға шақырамын. Мен екі дозалы вакцинаның толық курсын алдым, енді өзімді қауіпсіз сезіне аламын».

 Профилактикалық егудің мақсаты – ұжымдық иммунитет қалыптастыру. COVID-19 қарсы вакцинация – қауіпті инфекциямен күресудің тиімді әдісі және қатаң шектеулердің жалғыз баламасы.                          

Естеріңізге сала кетейік, Ә.Қалиев коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқысын 2021 жылғы 1 ақпанда  алған болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 ақпаннан Қазақстанда халықты ерікті түрде кезең-кезеңмен вакцинациялау науқаны басталды. "Спутник V" вакцинасының бірінші партиясы Жамбыл облысына 1000 доза көлемінде жеткізілді және барлық емдеу мекемелеріне таратылды.

Вакцинаны кәмелетке толған азаматтар ғана алады. КВИ-ға қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады.