Ерікті түрде екпе салу!

Ерікті түрде екпе салу!

Жамбыл облысында ақпанның 1-10 аралығында  835  медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады. Ерікті түрде екпе салу кезең-кезеңмен жүргізілуде. 

Қазір облыс орталығындағы 9 емхана мен өңірдің 10 ауданында коронавирус індетіне қарсы вакцинация кабинеттері жұмыс істеуде.  Сонымен қатар, вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары орнатылған. Бүгінде вакцина алған медицина қызметкерлерінің денсаулығы жақсы.  Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді. Вакцина, ең алдымен, инфекция жұқтыру қаупі бар саналатын медицина мамандарына салынуда. Олар -  жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімі, қарқынды терапия бөлімшелерінің дәрігерлері, жедел жәрдем қызметкерлері мен емханалардағы мамандар. Екпе қабылдаған адамдар үш күн бойы дәрігердің бақылауында болады.