Медицина мамандарының біліктілігін арттыруға басымдық берілуде
Медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру – медициналық көмектің сапасын жақсартудың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта 2026 жылы жергілікті бюджеттен 105,9 млн теңге бөлінді.
Биыл өңірде 4 553 медицина қызметкерін оқыту жоспарланған. Оның ішінде 2 041 дәрігер, 2 460 орта медицина қызметкері және 32 басқа маман бар.
Оқыту бағдарламалары заманауи диагностика мен емдеу әдістерінен бастап, перинаталдық көмек, балалар денсаулығы, госпитальдік фармация, психологиялық көмек және басқару дағдыларына дейінгі бағыттарды қамтиды. Сонымен қатар медицина мамандарының практикалық дағдыларын жетілдіруге және халықаралық тәжірибені енгізуге басымдық берілуде.
Есепті кезеңде 2 552 медицина қызметкері оқытылды. Оның ішінде 988 дәрігер мен 1 564 медицина маманыбіліктілігін арттырды.
Мамандардың кәсіби білімін жүйелі жетілдіру – медициналық ұйымдардағы кадрлық әлеуетті нығайтып, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.