ЖАМБЫЛДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында инфекциялық бақылау және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне арналған облыстық семинар өтті.
Халықаралық сарапшы, Испанияның дезинфекция және зарарсыздандыру саласындағы SEDE қоғамының ресми мүшесі Элена Лоренцоның қатысуымен өткен жиынға денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының орынбасарлары, госпитальдық эпидемиологтар, инфекциялық бақылау және зарарсыздандыру саласына жауапты мамандардан 169 адам қатысты.
Семинарда медициналық бұйымдарды өңдеу мен зарарсыздандырудың заманауи тәсілдері, стерильдеу сапасын бақылау, төмен температуралы зарарсыздандыру әдістері және халықаралық озық тәжірибені денсаулық сақтау ұйымдарында қолдану мәселелері қаралды.
Маман қатысушыларға медициналық бұйымдарды қауіпсіз өңдеуді ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін ұсынып, практикалық сұрақтарға жауап берді. Жиын соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды