Жұмыс сапары барысында басқарма басшысы құрылыс кезеңінде медициналық көмектің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Ол аурухана бөлімдерінің кезең-кезеңімен көшу сызбасы мен алгоритмін бекітуді, бөлімдерде санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, триаж жүйесін реанимация бөліміне жақын орналастыруды, рентген және КТ кабинеттерін стационарға жақын, әрі талапқа сай орналастыруды, жаңа емхананың аумағы мен қуатын ауданның демографиялық өсіміне сәйкес жоспарлауды тапсырды. Сондай-ақ, жобада пациент қауіпсіздігі, медициналық көмектің қолжетімділігі мен үздіксіздігі басты назарда болуын міндеттеді.