Жастар денсаулығын нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Жастар денсаулығын нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстар күшейтілді
Жастар денсаулығын нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстар күшейтілді
Жамбыл облысында жастардың медициналық сауаттылығын арттыру және аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы профилактикалық іс-шаралар медициналық ұйымдармен қатар, білім беру мекемелері және жастар құрылымдарымен бірлесіп ұйымдастырылуда.
2026 жылы облыста Жастар денсаулық орталықтары мамандарының қатысуымен 3 132 профилактикалық іс-шара өткізілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында жастар арасында 8 100 дана ақпараттық-коммуникациялық материал таратылды.
Жастарға репродуктивтік денсаулық, ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, психологиялық денсаулық, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салты бойынша кешенді ақпарат берілуде.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты – жасөспірім мәселе туындағаннан кейін ғана медициналық көмекке жүгінетін жағдайға жеткізбей, денсаулыққа қауіп төндіретін факторларды ерте кезеңде анықтап, алдын алу.
Бұл ретте ерте жүктіліктің әрбір жағдайын тек статистикалық көрсеткіш ретінде емес, оған әсер ететін әлеуметтік, отбасылық және психологиялық факторлар тұрғысынан қарастырудың маңызы зор.
Осыған байланысты білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыста қауіп тобындағы жасөспірімдерді ерте анықтау, оларды психологтарға және Жастар денсаулық орталықтарына бағыттау, сондай-ақ ата-аналармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге басымдық берілуде