ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ БАҚЫЛАУДА

ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ БАҚЫЛАУДА
ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек екі жылжымалы медициналық кешеннің техникалық мүмкіндіктерін, медициналық жабдықтардың дайындығын тексеріп, шалғай елді мекен тұрғындарына көрсетілетін диагностикалық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне ерекше назар аударды.
Кешендердің алдағы аудандарға шығу барысын пысықтап, медициналық мамандармен қамтамасыз ету, тұрғындарды алдын ала ақпараттандыру және қажетті инфрақұрылыммен қамту бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ жылжымалы кешендердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін елді мекендердегі 380 вольттық үш фазалы электр желісіне қосылу мәселесін жедел шешуді және электр желілері мамандарымен бірлескен жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды.
“Басты мақсат - шалғай ауыл тұрғындарына заманауи медициналық диагностиканы жақындату, профилактикалық тексерулермен қамтуды арттыру”,- деді ол.
Берілген тапсырмалардың орындалуы басқарма басшысының тікелей бақылауында болады.