Құрметті Сейтхан Жошыбаев!
Сізді Қырғыз Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы - “Манас” III дәрежелі орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл - Сіздің медицина саласындағы ұзақ жылғы ерен еңбегіңізге, жүрек-қан тамырлары хирургиясын дамытуға қосқан зор үлесіңізге берілген жоғары баға. Кәсіби біліміңіз бен біліктілігіңізді, адам өмірін сақтап қалуға бағытталған қажырлы еңбегіңізді халықаралық деңгейде мойындаудың айқын көрінісі.
Дәрігер үшін ең үлкен марапат – адам өмірін сақтау, науқасқа үміт сыйлап, оның отбасына қуаныш әкелу. Сіздің бүкіл еңбек жолыңыз осы асыл мұратқа адал қызмет етудің жарқын үлгісі.
«Манас» орденімен марапатталуыңыз – жеке кәсіби жетістігіңіз ғана емес, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы медициналық және кәсіби байланыстың нығая түскенінің де айқын белгісі.
Осы жоғары марапатқа ие болуыңызбен тағы да құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық және медицина саласындағы игі бастамаларыңызға толағай жетістіктер тілеймін. Еңбегіңіз ел игілігіне қызмет етіп, абырой-беделіңіз асқақтай берсін!
Құрметпен,
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Сержан Назарбек