
Әлеуметтік желіде көтерілген мәселе бақылауға алынды
Instagram әлеуметтік желісінде Байзақ аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне қатысты жарияланған шағым денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынды.
Осыған байланысты басқарма басшысы Сержан Назарбек Байзақ аудандық орталық ауруханасына таңғы аралау барысында бөлімшеге барып, әлеуметтік желіде мәселе көтерген анамен жеке кездесті. Кездесу барысында шағымда көрсетілген жайттар талқыланып, басқарма басшысының тапсырмасымен бөлімшенің санитариялық жағдайы, тамақтандыру сапасы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және тұрмыстық жағдайы жан-жақты тексерілді.
Тексеру қорытындысы бойынша әлеуметтік желіде жарияланған мәліметтердің басым бөлігі өз растауын тапқан жоқ. Дегенмен, бөлімшенің материалдық-техникалық базасын жақсарту, қажетті жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңарту және пациенттерге қолайлы жағдай жасау бойынша тиісті шаралар қабылданды. Шағымданушы анаға тексеру нәтижелері мен қабылданған шешімдер толық түсіндірілді.
Сержан Назарбек аурухана басшылығына медициналық көмектің сапасын арттыру, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қою және көрсетілетін қызмет сапасын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуы жеке бақылауында болатындығын жеткізді.