Байқау кеңесінде перинаталдық орталықтың даму бағыттары қаралды

Байқау кеңесінде перинаталдық орталықтың даму бағыттары қаралды

Байқау кеңесінде перинаталдық орталықтың даму бағыттары қаралды

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің қатысуымен байқау кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында облыстық перинаталдық орталығының 2025–2030 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары бекітіліп, оны іске асырудың негізгі көрсеткіштері қаралды. Бас дәрігердің неонатология жөніндегі орынбасары Талғат Толықбаев пен бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс және эпидемиология жөніндегі міндетін атқарушы Ақмарал Байбатчаева жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету, медициналық стандарттардың сақталуы және орталықтың инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Бас дәрігердің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Индира Ералы орталықтың стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ қызметтік іссапарларды ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу және қызметкерлерді сыйақыландыру тәртібін реттейтін ережелердің жобаларын таныстырды.
Сержан Назарбек медициналық көмектің сапасын арттыруға, ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сондай-ақ тәжірибе алмасу және заманауи тәсілдерді енгізу мақсатында басқа медициналық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуды міндеттеді.
Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің еңбегін лайықты бағалау олардың кәсіби ынтасын арттырып, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға оң ықпал ететінін атап өтті.