Бассейндегі қайғылы жағдайлардың алдын алу - ата-ананың жауапкершілігі

Бассейндегі қайғылы жағдайлардың алдын алу - ата-ананың жауапкершілігі

Бассейндегі қайғылы жағдайлардың алдын алу - ата-ананың жауапкершілігі

Жазғы демалыс кезінде балалардың бассейндерде және суға арналған шағын қауыздарда жарақат алу, суға кету қаупі өзекті мәселеге айналуда.

2026 жылдың 20 шілдесіне дейін Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургиялық блогының қабылдау бөліміне бассейнде суға кету белгілерімен 4 бала жеткізілді.

Барлық оқиға үй жағдайында орналасқан балалар бассейндерінде болған. Балалар бірнеше минутқа қараусыз қалып, су жұтып, тұншығу белгілері байқалған. Кейбірінде есінен тану, денесінің көгеруі тіркелген.

Ауруханаға жеткізілген балалардың жағдайы дәрігерлердің бақылауына алынып, қажетті тексерулер жүргізілді. Жағдайлары тұрақтанғаннан кейін амбулаториялық ем мен тұрғылықты жері бойынша бақылауға жіберілді.

Ата-аналарға кеңестер:
* Баланы су маңында бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз.
* Үрлемелі шеңбер, жүзу құралдары толық қауіпсіздікке кепіл болмайтынын есте сақтаңыз.
* Балалар бассейні аз ғана терең болса да, қауіпсіз деп санауға болмайды.
* Бассейн жанында міндетті түрде ересек адам бақылауда болуы қажет.
* Бала су жұтып, жөтеліп, тыныс алуы қиындаса немесе көгеру байқалса, дереу 103 қызметіне хабарласып, медициналық көмекке жүгініңіз.

Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау - қайғылы жағдайлардың алдын алып, бала өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.