Жамбылдық дәрігерлер Ұлттық акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов бастаған мамандар делегациясы Ұлттық акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында ғылыми орталықтың Басқарма төрағасы Ардақ Аязбековпен кездесу өтіп, тараптар акушерия, гинекология, перинатология, репродуктивті медицина, анестезиология және реаниматология бағыттарындағы өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша екі медициналық ұйым арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат әріптестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға, медицина мамандарының біліктілігін арттыруға және заманауи медициналық технологияларды енгізуге бағытталған.