Аптап ыстық еңбек өнімділігіне де әсер етеді

Аптап ыстық еңбек өнімділігіне де әсер етеді

Аптап ыстық еңбек өнімділігіне де әсер етеді

Жоғары ауа температурасы адамның денсаулығына ғана емес, еңбек өнімділігіне де айтарлықтай әсер етеді. Ыстық ауа райында адам тез шаршайды, зейіні төмендеп, бас ауруы мен әлсіздік жиілейді. Бұл, әсіресе, ашық аспан астында немесе желдетілмейтін ғимараттарда жұмыс істейтін адамдар үшін қауіпті.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда ыстық өту қаупі артатындықтан, еңбек қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажет. Сондықтан, жұмыс барысында жиі үзіліс жасап, жеткілікті мөлшерде су ішіп, мүмкіндігінше салқын, әрі көлеңкелі жерде демалған дұрыс. Күннің ең ыстық уақытында ауыр дене еңбегінен бас тартқан жөн.

Әрбір жұмыс беруші қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, ал әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тиіс.

Өзіңізді қорғаңыз, жақындарыңызды сақтаңыз! Денсаулық – бәрінен қымбат!