Аптап ыстық кезінде қандай аурулар адам денсаулығына қауіп төндіреді?

Аптап ыстық кезінде қандай аурулар адам денсаулығына қауіп төндіреді?

Аптап ыстық кезінде қандай аурулар адам денсаулығына қауіп төндіреді?

Жедел медициналық жәрдем қызметінің мәліметіне сәйкес, аптап ыстық басталғалы түрлі аурулар бойынша шақыртулар саны артқан.

2026 жылдың 1–16 шілде аралығында өткен айдың осы кезеңімен салыстырғанда жұқпалы аурулар бойынша шақыртулар 1042-ден 1874-ке, жүрек-қан тамырлары аурулары 4266-дан 4598-ге, тыныс алу жүйесі аурулары 4380-нан 4571-ге эндокриндік аурулар 125-тен 135-ке, ас қорыту жүйесі аурулары 1778-ден 2139-ға, ал несеп-жыныс жүйесі аурулары 516-дан 555-ке дейін өскен.

Сонымен қатар, 1 маусымнан 18 шілдеге дейін күн өтуден 14, сондай-ақ күн сәулесінен күйіп қалудың 11 жағдайы тіркелген.

Күннің астында көп жүрмеңіз! Сақтық шараларын сақтаңыз! Аурудың алдын алу – емделуден әлдеқайда тиімді. Абай болыңыз!