
🤰ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БОСАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНЕ САРАПТАМАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші мамандарынан құралған топ Жамбыл облысына акушерлік, гинекология және клиникалық эпидемиология қызметтеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік әрі практикалық көмек көрсету мақсатында жұмыс сапарымен барды.
👨⚕️Сарапшылар тобының құрамына UMC Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының, Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларындағы жетекші босандыру ұйымдарының акушер-гинекологтары, анестезиолог-реаниматологтары мен эпидемиологтары кірді.
Үш күндік жұмыс барысында мамандар 14 медициналық ұйымға барды. Оның ішінде облыс орталығындағы төрт стационар, бес қалалық емхана, бес орталық аудандық аурухана (Шу, Талас, Сарысу, Байзақ және Тұрар Рысқұлов аудандары), сондай-ақ Тараз қаласындағы медициналық колледж қамтылды.
🩺Сапар барысында жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге медициналық көмекті жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шаралар кешені өткізілді.