Жамбыл облысында ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды

Жамбыл облысында ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды

Жамбыл облысында ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық деңгейдегі мамандардың Жамбыл облысына жұмыс сапарының қорытындысы шығарылды.

Қорытынды кеңеске Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова төрағалық етті.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, республикалық ғылыми және клиникалық орталықтардың жетекші мамандары, облыстың штаттан тыс бас акушер-гинекологтары, өңірдің медициналық ұйымдарының бірінші басшылары және денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты мамандары қатысты.

Қорытынды кеңес алдында республикалық сарапшылардың қатысуымен ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты — жүкті әйелдерге, босанушыларға, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, акушерлік-гинекологиялық қызметті жетілдіру, клиникалық тәжірибеге заманауи тәсілдерді енгізу және өңірдің медициналық ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету.

Ғылыми-практикалық семинарға республикалық деңгейдегі жетекші мамандар қатысты:
* Ембергенова Мағрипа Хамитқызы– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры;
* Садуова Жанар Жұмажанқызы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары;
* Аязбеков Ардақ Керімханұлы – «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасы;
* Мустафинова Гульнар Төлеуханқызы – UMC (Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы) анестезиология, реанимация және қарқынды терапия департаментінің директоры;
* Агажаева Гаухар Өнерханқызы – Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының инфекциялық бақылау және антимикробтық төзімділікті үйлестіру бөлімінің басшысы;
* Сарсенбаева Гаухар – Алматы қалалық перинаталдық орталығы директорының пациенттерді қолдау қызметі және ішкі аудит жөніндегі орынбасары;
* Кенжебекова Гульмира Байдуллақызы– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» КМК эпидемиологиялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау жөніндегі жетекшісі;
* Мамытбекова Ляззат Белисбекқызы – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» КМК ересектерге арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің аға мейіргері;
* Токсанбаева Гаухар Бекжановна – Шымкент қаласының «Қалалық перзентхана» КМК босандыру бөлімінің аға акушері.

Жұмыс сапары барысында республикалық мамандар облыстың медициналық ұйымдарын аралап, ана мен бала денсаулығын қорғау қызметінің ұйымдастырылуына кешенді бағалау жүргізді. Сонымен қатар жүкті әйелдерге, босанушыларға, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы зерделеніп, медициналық ұйымдардың қызметін жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.

Қорытынды кеңесте жұмыс сапарының нәтижелері ұсынылып, өңірдегі акушерлік және перинаталдық қызметтің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сарапшылар медициналық көмектің сапасын арттыру, ана мен нәресте өлімін төмендету, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, клиникалық хаттамаларды тиімді енгізу және басқару үдерістерін жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныстар берді.

Кеңес қорытындысы бойынша Жамбыл облысының медициналық ұйымдарында ана мен бала денсаулығын қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін одан әрі жетілдіруге, республикалық мамандардың ұсынымдарын кезең-кезеңімен іске асыруға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.