Облыстық мамандар иммунопрофилактика мәселелері бойынша практикалық көмек көрсетуде

Облыстық мамандар иммунопрофилактика мәселелері бойынша практикалық көмек көрсетуде

Облыстық мамандар иммунопрофилактика мәселелері бойынша практикалық көмек көрсетуде

Жамбыл облысында иммунопрофилактика мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне практикалық және консультативтік-әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Іс-шаралар кадрларды даярлаудың жылдық жоспары мен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес ұйымдастырылуда.

Жұмыс иммунопрофилактиканы ұйымдастыруды, профилактикалық егулер мен вакциналардың қозғалысын есепке алуды жетілдіруге, есептік-есеп беру құжаттарын цифрлық форматта қалыптастыруға, сондай-ақ «суық тізбек» талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мониторингтік топ құрамына облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының консультативтік-әдістемелік орталығының жетекшісі Гүлфайра Мырзабекова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Мұрат Жұмабаев, иммунопрофилактика мәселелері жөніндегі облыстық үйлестіруші, «JANUIA medical center» қалалық емханасының педиатриялық қызметінің жетекшісі Виолета Евграшина, сондай-ақ №5 қалалық емхананың иммунолог дәрігері Минаш Аблаева кірді.

Мониторинг барысында мамандар вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуалды, халықты профилактикалық егумен қамту деңгейін, «Вакцинация» модуліне мәліметтердің толық енгізілуін, №3 және №4 электрондық нысандарының қалыптастырылуын, сондай-ақ «суық тізбек» талаптарының сақталуын талдады.

«Шайқорық», «Болашақ», «Студент» медициналық орталықтарының, «Садыхан» қалалық емханасының және №9 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді. Мамандар үшін цифрлық форматтағы есептік-есеп беру құжаттарын жүргізу бойынша шеберлік сабақтары мен практикалық оқыту ұйымдастырылды. Жалпы саны 41 медицина қызметкері оқытылды.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған проблемалық мәселелер медициналық ұйымдардың басшыларымен және жауапты мамандарымен талқыланды. Ақпараттық жүйеге мәліметтерді толық енгізуді бақылауды күшейту, халықты иммундаумен уақтылы қамту және профилактикалық егулер жоспарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.

Облыстық мамандардың Тараз қаласының денсаулық сақтау нысандарындағы жұмыстары жалғасуда.