Аллергологиялық қызметті дамыту мәселелері талқыланды

Аллергологиялық қызметті дамыту мәселелері талқыланды

Аллергологиялық қызметті дамыту мәселелері талқыланды

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс ересектер аллерголог-иммунологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Елена Ковзельмен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге сондай-ақ қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының бас дәрігері Хамит Мұрзакасымов пен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс аллергологы Жұлдыз Қарабаева қатысты.

Жиын барысында өңір тұрғындарына аллергологиялық және иммунологиялық көмекті жетілдірудің өзекті мәселелері қаралды. Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аллергодиагностиканың заманауи әдістерін енгізу, алғашқы иммун тапшылықтарын ерте анықтау мен емдеу, сондай-ақ мамандандырылған қызметті одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар аллергиялық аурулары бар пациенттерге көрсетілетін мамандандырылған көмекті ұйымдастыру, бронхиялық демікпені бақылаудың тиімділігін арттыру және диагностика мен емдеудің заманауи клиникалық хаттамаларын қолдану мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Жамбыл облысы тұрғындарына көрсетілетін аллергологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған өзара іс-қимылдың басым бағыттары айқындалды.