
Сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасында медицина қызметкерлері күніне орай іс-шара өтті.
Басқарма басшысының орынбасары Айдын Алтай ұжым қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, саланың дамуына қосып жүрген үлестеріне алғыс білдірді.
Мерекелік жиын барысында басқарма қызметкерлеріне Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды. Марапат иелері өз ісіне жауапкершілікпен қарап, өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне қосқан еңбегі үшін ерекше аталып өтті.
Жиында басқарма қызметкерлерінің үйлестіруші әрі ұйымдастырушылық қызметінің маңыздылығы айрықша атап өтіліп, олардың еңбегі саланың тұрақты дамуының негізгі тетіктерінің бірі екені айтылды.