Облыстық медицина қызметкерлері спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

Облыстық медицина қызметкерлері спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

Облыстық медицина қызметкерлері спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында медицина қызметкерлері күніне арналған облыстық спартакиада өз мәресіне жетті.

Спорттық додаға «Бәйтерек», «Ұлы дала», «Бірлік», «Достық», «Қыран», «Шипагер» және «Жігер» командалары қатысып, футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисі бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды «Бәйтерек» командасы иеленді. Бұл құрамға Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы, облыстық балалар көпбейінді ауруханасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, қан орталығы, арнайы медициналық жабдықтау базасы және «Айша бибі» шипажайының қызметкерлері енді.

Екінші орынды «Достық» командасы (Меркі ауданы және Т. Рысқұлов ауданы) жеңіп алды.

Ал үшінші орын «Ұлы дала» командасына (қалалық көпбейінді ауруханасы, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, жоғары медициналық колледжі, облыстық патологоанатомиялық бюросы) бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен, медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Спартакиада спорт пен салауатты өмір салтының жарқын мерекесіне айналып, медицина қызметкерлерінің тек кәсіби салада ғана емес, спортта да белсенді әрі ұйымшыл екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.