
Байқау кеңесі өтті
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Жамбыл жоғары медициналық колледжінде өткен байқау кеңесінің отырысына қатысты.
Күн тәртібінде байқау кеңесінің төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша байқау кеңесінің төрайымы болып «Neuro Vita» медициналық орталығының директоры Айгүл Айтбаева сайланды.
Колледж директоры Сарыбекова Жамиля басшы қызметкерлердің лауазымдық үстемақы мөлшері мен ынталандыру төлемдерін айқындауға негіз болатын 2026 жылғы I тоқсандағы индикаторлардың орындалуы туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 2026–2030 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары қаралды. Бұл – білім беру ұйымының даму бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін, оларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ күтілетін нәтижелер мен жетістік индикаторларын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат болып табылады.
Байқау кеңесінің мүшелері құжатты жан-жақты талқылап, колледждің дамуына ықпал ететін бірқатар маңызды индикаторларды стратегиялық жоспарға енгізу қажеттігін атап өтті.
Колледждің бас есепшісі Үмірзакова Ботагөз Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 2025 жылғы қаржылық есебін ұсынды. Оның негізінде мекеменің 2026 жылға арналған даму жоспарына алғашқы нақтылау енгізу мәселесі қаралды.
Сержан Сәрсенбекұлы индикаторлық көрсеткіштерді қайта қарап, келесі тоқсанға арналған жаңа көрсеткіштер бойынша ақпарат дайындауды тапсырды.
Байқау кеңесінің мүшелері құжатты жан-жақты талқылай келе, колледждің дамуына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды индикаторларды стратегиялық жоспарға енгізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар колледждің жоғары өтімділік (төлем қабілеттілігі) деңгейін, алайда негізгі қызмет бойынша операциялық рентабельділіктің төмен екендігін айтып, оны шешудің нақты жолдарын ұсынды.