ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОНОР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОНОР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОНОР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

14 маусым – Дүниежүзілік донор күні қарсаңында Жамбыл облыстық қан орталығында «Адамгершіліктің бір тамшысы. Қан тапсырыңыз. Өмір сақтаңыз» ұранымен мерекелік іс-шара өтті. Оған донорлар, медицина қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Шараның басты мақсаты – адам өмірін құтқаруға үлес қосып жүрген ерікті, өтеусіз донорларға алғыс білдіру.

Жиында Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек сөз сөйлеп, донорлық – адам өмірін сақтаудағы аса маңызды әрі ізгі миссия екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңірде жыл сайын 15 мыңнан астам адам қан тапсырып, орталықта шамамен 25 мың доза қан компоненті дайындалады және олар 27 медициналық ұйымға жеткізіледі. Соңғы үш жылда 56 мыңнан астам доза құйылып, 12 мыңнан астам науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туған. «Әрбір көрсеткіштің артында адам тағдыры тұр. Сондықтан барлық донорларға шынайы алғыс білдіреміз», – деді ол.

Іс-шара барысында қатысушыларды партиялық және қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ донорлар қауымдастығы да құттықтады. Жамбыл облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаров мекеменің жетістіктеріне тоқталып, СТ РК ISO 15189-2023 стандарты бойынша халықаралық аккредитациядан өткенін, ұлттық аккредитация нәтижесінде жоғары санатқа ие болғанын, сондай-ақ Жапония Елшілігі мен TİKA агенттігінің қолдауымен халықаралық жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Шара аясында құрметті донорлар, медицина қызметкерлері және донорлық қозғалыстың белсенділері марапатталды. Сонымен қатар, орталықтың үздік мамандарын тәрбиелеген ата-аналарға алғыс білдірілді. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен көркемделіп, естелік фотосессиямен қорытындыланды.