Басқарма басшысы Жуалыдағы медициналық нысандардың құрылыс барысын тексерді
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан аумағындағы медициналық нысандарда жүргізіліп жатқан құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Теріс ауылында салынған, ауысымына 10 адам қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункттің қазіргі жай-күйі қаралды.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылып жатқан Түктібай ауылындағы «Түктібай» медициналық пункті мен Қызыларық ауылындағы «Қызыларық» медициналық пункті ғимараттарына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары зерделенді.
Жұмыс сапары барысында басқарма басшысы тозығы жеткен медициналық нысандарды жаңғырту, құрылыс және жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған міндеттерді күшейту қажеттігін атап өтті.