С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті базасында өтіп жатқан «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026» іс-шарасына барған Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек түлектерге өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен жүргізіліп жатқан операциялық шаралар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, жас мамандар аймақтағы медициналық қызмет сапасын арттыруға елеулі үлес қосып, заманауи диагностикалық және емдеу әдістерін енгізуде.
Сондай-ақ, түлектер күрделі хирургиялық операцияларды сәтті орындап, шұғыл және жоспарлы медициналық көмекті жетілдіруге ат салысып келеді. Олар ауылдық және қалалық ауруханаларда білікті қызмет көрсетіп, халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған түрлі алдын алу шараларын да жүзеге асыруда.
Сондай-ақ, ол түлектердің кәсіби даярлығының жоғары деңгейде екенін атап өтіп, олардың тәжірибесі мен білімінің өңірдегі медицина саласының дамуына оң әсер етіп отырғанын жеткізді.
Жамбыл облысында С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетін бітірген 3851 дәрігер қызмет атқаруда. Оның ішінде 43 дәрігер басшылық лауазымда және 128 дәрігер басқа да жоғары лауазымда қызмет атқаруда.
Өңірге келген мамандарға төмендегідей қолдау шаралары қарастырылған:
1) Республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 1500 АЕК аспайтын сомада бюджеттік кредит;
2) Республикалық бюджет есебінен 100 АЕК тең сомада көтерме жәрдемақы;
3) Жергілікті бюджет есебінен облыстың ауылдық жерлерге, кенттерге, моноқалаларға, аудандық маңызы бар қалаларға жіті тапшы мамандар бойынша 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге көтермеақы;
4) Облыстың ауылдық жерлерге, кенттерге, моноқалаларға, аудандық маңызы бар қалаларға 1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) теңге көтермеақы;
5) Тараз қаласына 800 000 (сегіз жүз мың) теңге көтермеақы