Облыстық дәрігерлер Талас аудандық ауруханасына жұмыс сапарымен барды

Облыстық дәрігерлер Талас аудандық ауруханасына жұмыс сапарымен барды

Облыстық дәрігерлер Талас аудандық ауруханасына жұмыс сапарымен барды

Жамбыл облыстық балалар ауруханасының білікті мамандары әдістемелік көмек көрсету мақсатында Талас аудандық орталық ауруханаға жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс тобының құрамында балалар хирургі, травматолог, реаниматолог және педиатр дәрігерлер болды. Сапар барысында мамандар стационарлық медициналық көмектің көрсетілу сапасын жан-жақты зерделеді.

Атап айтқанда, бөлімшелердің жұмыс ұйымдастырылуы, науқастарды қабылдау және емдеу-диагностикалау үдерістері, медициналық құжаттамалардың жүргізілу сапасы, инфекциялық бақылау талаптарының сақталуы, сондай-ақ ауыр жағдайдағы науқастарға көрсетілетін шұғыл көмектің деңгейі қаралды. Сонымен қатар, кадрлық әлеуетке, мамандардың біліктілік деңгейіне және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне талдау жүргізілді.

Жұмыс барысында тәжірибелік көмек көрсету мақсатында күрделі клиникалық жағдайлар талқыланып, бірқатар науқастарға бірлескен қараулар ұйымдастырылды. Дәрігерлерге заманауи емдеу тәсілдері мен клиникалық хаттамаларды тиімді қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу қорытындысы бойынша облыстық деңгейдегі мамандар тарапынан нақты ұсынымдар беріліп, анықталған кемшіліктерді жою жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, алдағы уақытта да өзара тәжірибе алмасу және қашықтықтан кеңес беру жұмыстарын жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Аталған іс-шара аудандық аурухана дәрігерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға оң әсерін тигізеді.