Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында алғаш рет өкпеге жоғары технологиялық операция жасалды

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында алғаш рет өкпеге жоғары технологиялық операция жасалды

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында алғаш рет өкпеге жоғары технологиялық операция жасалды

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының торакальды хирургия бөлімінде Тараз қаласының 56 жастағы тұрғынына жоғары технологиялық күрделі операция сәтті жүргізілді.

Профилактикалық тексеру барысында науқастың сол жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінен көлемі 1,5 сантиметрге дейін жететін түзіліс анықталған. Дәрігерлер заманауи аз инвазивті әдісті қолдана отырып, сол жақ өкпенің S1 сегментіне видеоторакоскопиялық резекция (VATS) жасады. Бұл тәсіл аталған медициналық мекемеде алғаш рет қолданылып отыр.

Ота асқынусыз өтті. Науқас қысқа уақыт ішінде оңалып, қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

Аурухана бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары Асқар Садықовтың айтуынша, бұл әдіс жоғары технологиялық медициналық көмектің қатарына жатады. Себебі ол заманауи құрал-жабдықтар мен дәрігерлердің жоғары біліктілігін талап етеді. Сонымен қатар, бұл тәсіл науқасқа түсетін жарақатты азайтып, сауығу кезеңін едәуір жеделдетеді.

Мұндай озық технологиялардың енгізілуі өңір медицинасының дамуына серпін беретін маңызды қадам болып отыр.