
Денсаулық сақтау басқармасында азаматтарды қабылдау өтті
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек кезекті жеке қабылдау өткізді.
Оған салалық бөлімдердің басшылары мен медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері де қатысып, өңір тұрғындары көтерген мәселелерді жан-жақты қарастырды.
Мойынқұм ауданының Шығанақ ауылының тұрғындары елді мекенде дәрігер тапшылығы бар екенін жеткізді. Ауыл аудандық орталық ауруханадан 220 шақырым қашықтықта орналасқандықтан, мамандардың тұрақты түрде барып қызмет көрсетуі қиындық туғызған. Осыған байланысты ауылға тұрақты негізде терапевт дәрігер тағайындалды. Сонымен қатар медицина қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Бұл мәселені аудан әкімдігімен бірлесіп шешу жолдары қарастырылуда.
Сондай-ақ №8 қалалық емханада есепте тұрған науқастың қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі өтініші қаралды. Аталған мәселе алдағы уақытта шешу үшін бақылауға алынды.
Сонымен қатар облыстық психикалық денсаулық орталығына жүгінуіне байланысты бір пациенттің өтініші де қаралды.
Басқарма басшысы әрбір өтініш иесін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берді. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары мен медициналық ұйымдар жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Қабылдау қорытындысы бойынша бірқатар мәселелер сол жерде шешімін тапса, кейбір өтініштер қосымша зерделеуді қажет етеді және белгіленген тәртіппен қаралатын болады. Мұндай жеке қабылдаулар тұрғындармен кері байланысты нығайтуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.