Басқарма басшысы Меркі ауруханасындағы жаңғыртылған қабылдау бөлімшесінің құрылысымен танысты

Басқарма басшысы Меркі ауруханасындағы жаңғыртылған қабылдау бөлімшесінің құрылысымен танысты

Басқарма басшысы Меркі ауруханасындағы жаңғыртылған қабылдау бөлімшесінің құрылысымен танысты

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Меркі аудандық орталық ауруханасына жұмыс сапарымен келіп, қайта жандандырылған қабылдау бөлімшесінің
ішкі құрылыс жұмыстарымен танысты

Ол «Меркі аудандық орталық ауруханасының бір бөлігін (литер А) қабылдау бөлімшесінің құрылысымен қайта жаңарту» жобасымен танысып, оған өз тарапынан ұсыныстар айтты.

Жобаның тапсырыс берушісі – Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың маусым айында басталып, 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Нысан 2026 жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жобаның сметалық құны – 1 млрд 325 млн теңге, ал шарттық құны – 1 млрд 270 млн теңге. Мердігер ұйым – «ТаразҚұрылыс-Инвест» ЖШС. Техникалық қадағалауды «Атлантис-ПВ» ЖШС, ал авторлық қадағалауды «НурАлем-Сәулет» ЖШС жүзеге асыруда.

Жаңа қабылдау бөлімшесінің ғимараты екі қабатты, кірпіштен салынған. Жалпы ауданы – 2458,49 шаршы метр. Оның ішінде жертөле, бірінші және екінші қабатта әртүрлі медициналық және қызметтік бөлмелер орналасқан.

Бірінші қабатта тіркеу бөлімі, күту залы, хирург кабинеті, шағын операциялық бөлме, қарқынды терапия бөлмелері, экспресс-зертхана, ФГДС, УЗИ, акушер-гинеколог кабинеті және басқа да қосалқы бөлмелер қарастырылған.

Екінші қабатта конференц-зал, акт залы, МРТ аппаратына арналған бөлме және өзге де қызметтік бөлмелер орналасқан.

Сонымен қатар, қайта жаңартылған бұрынғы қабылдау бөлімшесінде жалпы ауданы 226,46 шаршы метр болатын үй-жайларда КТ және ангиограф аппараттары орналастырылған.

Аурухана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Олардың қатарында ангиографиялық рентген жүйесі, компьютерлік томографы, магнитті-резонанстық томографы бар.

Аталған медициналық жабдықтардың жалпы құны 1 млрд 526 млн теңгені құрайды.

Бұл құрылғылар қан тамырлары, ми, омыртқа, ішкі ағзалар, жарақаттар мен онкологиялық ауруларды жоғары дәлдікпен диагностикалауға мүмкіндік береді.

Басқарма басшысы құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты бөлімшенің қызметін тиімді ұйымдастыру, пациенттерді қабылдау үдерісін ыңғайлы әрі жедел жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жұмысты жолға қою бойынша аурухана бас дәрігері Гүлнұр Қазанғаповаға тиісті тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды жеткізді.